$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Мәскеу 134 жылдық температура рекордын жаңартты

AstanaTV
03.07.2024ж. 09:45
151
Мәскеу 134 жылдық температура рекордын жаңартты

 Мәскеуде 2 шілдеде ауа температурасы 32 градусқа жеткенде 1890 жылғы рекорд жаңарған. Ол күні ауа температурасы 31,9 градус болды, деп хабарлады ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі. 

«2 шілдеде Мәскеуде 134 жылдық рекорд жаңарды. ВДНХ метеостанциясы 32 градусты тіркеді», - деп мәлімдеді Ресейдің Гидрометеорологиялық орталығының ғылыми директоры Роман Вильфанд.

Ол сонымен қатар шамамен сағат 15:00-де Балчуг аймағында температура 33,2 градусқа дейін көтерілгенін атап өтті,-деп жазады Қазақпарат.