$478.96 €533.03 ₽5.22
×

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақтөбеде қоқыс жинаудан жарыс өтті

03.07.2024ж. 20:00
292
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақтөбеде қоқыс жинаудан жарыс өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақтөбеде қоқыс жинаудан жарыс өтті. Жастар, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар барлығы екі жүзге жуық адам шараға қатысып, аз уақытта көп қалдық жинап сайысты. Сондай-ақ бүгін полицейлер «Экопатруль» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырып, заңсыз қоқыс тастаушыларға түсіндіру шараларын жүргізді. 

Қала тазалығын сақтауды полиция қызметкері ауыр санатты қоқысты заңсыз тастайтындармен күрестен бастапты. Бүгін сондай қоқыс жиналып қалған аула тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 57 хаттама толтырылып, 15 мекемеге айыппұл салынды.

Бауыржан ҚЫДЫРМАҒАМБЕТОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚПБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
Ауыр санаттағы қоқыстарды лақтырады. Мысалы келген кезде шкаф, коробка ауыр санатқа жатады. Оған байланысты ҚР 505 бабы бойынша құқықбұзушылық қарастырылған ол жерде ескерту және айыппұл салынады.
Сондай-ақ Ақтөбе су қоймасы жағалауында «Jasyl cross-2024» плоггинг-марафаны өтті. Оған екі жүзге жуық адам қатысып, бір сағат ішінде көп көлемде қоқыс жинаудан сайысты. Жарыста көп қоқыс жинаған команда жүлделі болды.

Мейірхан ЕРМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жастарға мотивация бере отырып, кішігірім сыйлықтартар бере отырып, олардың ең көп көлемдегі қай команда 25 команда қатысып отыр ғой. Көп көлемде қоқысты кім жинайды. Қабы енді көп соларға арнайы сыйлықтарда табыстайтын боламыз.
Ерхан ӘМІРХАН, СТУДЕНТ:
Бұл тек жүлде үшін емес жалпы өзіміздің табиғатымыз үшін жасыл ел болу үшін, сондай еліміздің таза болуы үшін өтіп жатқан шара. Бір сағат арасында осы жерді тап-таза қылып тастау керек. Қоқыс дым қалдырмау керек.
«Таза Қазақстан » акция басталғалы Ақтөбе қаласынан екі жүз тонна, ал облыстан 3 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған.