Ақтөбе
облысындағы темір жол бекеттерінің бірінде жоғары лауазымды қызмет атқарған
тұрғын екі әйелді тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған деген күдікке ілікті.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Жедел іздестіру шаралары
барысында полицейлер екі әйелді құлдықтан құтқарған. Күдікті 29 және 44 жастағы
әйелдерді өзінің шаруа қожалығына алдап әкелген. Зардап шегушілер жарты жылдан
аса барлық ауыр жұмыстарды атқарыпты. Шаруа қожалығын басқарған күдікті
ұсталды. Қазір «Адамдарды жұмысқа жегу мақсатында саудалау» бабы бойынша
соталды тергеу басталды.
Нұргүл
Қонақбаева, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы:
Жедел
іздестіру шаралары барысында 53 жастағы Хромтау ауданының беделді азаматы
ұсталды. Қазіргі кезде осы жағдай бойынша ҚР ҚК 128 бабы 2 тармағы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Хромтау ауданының уақытша тергеу
изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда».