$476.27 €515.47 ₽5.41
×

ШЫҰ-ға келген шетелдік делегаттар Көшпенділер ойындарына дайындық барысымен танысты

05.07.2024ж. 20:00
110
ШЫҰ-ға келген шетелдік делегаттар Көшпенділер ойындарына дайындық барысымен танысты

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының басталуына 2 айға жуық уақыт қалды. Дүбірлі додаға 89 ел қатысады. Оның ішінде Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер де бар. Бүгін көшпенділер ойындарын өткізу дирекциясы саммитке қатысқан қонақтарға дайындық барысын таныстырды. Шараға шетелдік дипломаттар мен журналистер қатысты. Айта кетейік, байрақты бәсеке 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. 2 мыңға жуық спортшы 21 спорт түрінен 97 медальді сарапқа салады. Тартысқа толы ойындарды тамашалауға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. 

Серік ЖАРАСБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТР:

ШЫҰ саммиті кезінде осы жердегі секілді бұрыштама жасаған болатынбыз. 100-ден астам журналистер болды. Олар осының барлығын көрді. Біз бейнеролик жасадық. Бүгін де біз арнайы біздің әріптестерім СІМ бірлесіп осындай шараны ұйымдастырып жатырмыз. Елшілерге, консулдарға осы мүмкіндікті пайдалана отырып таныстырайын деп жатырмыз.