Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында 130 ауылды су басты. Мұны осы аймақтың бас министрі Йоги Адитиянат хабарлады.
Ал елдің метеорологиялық департаментінің ескертуінше, алдағы екі-үш күнде Үндістанның теріскейі мен солтүстік-шығысында жауын тағы да құйып, жағдай тіпті нашарлауы мүмкін.
Қазірдің өзінде Ассам штатындағы 9 өзеннің деңгейі қауіпті дәрежеге дейін көтерілген.
Осыған ұқсас жағдай шығыстағы Бихар штатында да қалыптасып отыр. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.