$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қызылордада заңсыз жүрген 45 шетелдік ұсталды

AstanaTV
22.07.2024ж. 23:56
177
Қызылордада заңсыз жүрген 45 шетелдік ұсталды

Қызылордада 45 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсатпен келген 10 920 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 10 737-сі ТМД елдерінен, ал 183-і алыс шетелдерден келгендер. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуымен 1 717 шетелдік анықталып, жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жолмен республика аумағынан 45 шетелдік шығарылды», - деп хабарлады ПД.

Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған 75 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды.