$445.65 €508.71 ₽5.3
×

27 жастағы әйелдің көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды

23.09.2026ж. 20:24
27 жастағы әйелдің көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды
Фото: Polisia.kz

Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды, деп хабарлайды  Astana TV.

Күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Полицейлер көлікті тоқтатып, салонын тексеру кезінде жол сөмкесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 20 орама табылған.

Сараптама нәтижесінде олардың құрамында мефедрон бары анықталды. Жеке тінту кезінде күдіктінің өзінен де осыған ұқсас тағы бір орама тәркіленген.

Бұдан бөлек, әйел полицияға бұған дейін тағы үш орама жасырылған үш орынды көрсеткен. Ол жерлерден алынған заттардың да мефедрон екені сараптамамен расталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.