$445.65 €508.71 ₽5.3
×

Көктөбе уақытша жабылады

23.09.2026ж. 21:30
Көктөбе уақытша жабылады
Фото: shutterstock

Алматы қаласының әкімдігі Көктөбе тұрғындар мен қала қонақтары үшін уақытша жабылатынын ескертті, деп хабарлайды  AstanaTV.

25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толықтай жабық болады.

Осы уақыт аралығында аспалы жол тоқтайды, автокөлік қозғалысына шектеу қойылады, жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, аталған шектеуді ескеруін сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз, - делінген хабарламада.