Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бас прокуратура құзыретінің бір бөлігін судьяларға беруді ұсынып отыр

AstanaTV
01.03.2017ж. 20:00
2283
Бас прокуратура құзыретінің бір бөлігін судьяларға беруді ұсынып отыр

Прокурорларға тиесілі құзыреттің біршама бөлігін судьяларға беру керек. Сенаторлармен өткен жиында Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель осындай ұсыныс айтты. Әкімшілік істер мен ұсақ бұзушылықтарға дейін прокуратура айналысады, ведомствоға артылар жүк ауыр, - дейді ол. 

Жиынға қатысушылар құқықтық полиция жүйесін құру туралы да бастама көтерді. Яғни әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда полиция мәселені оқиға орнында шешуге тырысады. Егер тараптар оның шешімімен келіспесе, сотқа шағымдануға құқылы. Ұсыныстар әлі жан-жақты сараланатын болады.

Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:


Прокурорлар халыққа шұғыл қызмет көрсету үшін арнайы кеңселер ашу керек. Мәселен, бір азамат келіп, өзінің шағымын айтса, ол туралы мәліметтер электронды форматта толтырылып, бір-екі сағатта шешім шығарылуы тиіс. Ал қазір адамдар прокуратураның шешімін айлап күтеді.