Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Америка жаңа достар табуға дайын - Дональд Трамп

AstanaTV
01.03.2017ж. 20:00
1928
Америка жаңа достар табуға дайын - Дональд Трамп

«Америка жаңа достар табуға дайын». Алғаш рет АҚШ конгрессі алдында сөз сөйлеген Дональд Трамп осылай деді. 58 минуттық баяндамасында АҚШ-тың қай бағытқа бет алып, қалай дамитыны жайлы айтып берді.

Қауіпсіздікті сақтауымыз керек дей келе, қылмыспен күресіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға ниетті екенін жеткізді. Трамптың ойынша, мұны жүзеге асырудың еш қиындығы жоқ. Бар болғаны жұмысқа американдықтарды қабылдау керек. Ол үшін мексикалық мигранттардың елге келуін тиса болғаны.

Трамп геосаяси жағдайды да ұмыт қалдырмады. АҚШ «соғысқа құмартпай, жаңа достар табуға ниетті» екенін айтты. ДАИШ содырларына қарсы тұру үшін  одақтастарымен жұмыс істеуге де дайын көрінеді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Мұсұлмандар мен христиандарды, ерлер мен әйелдерді, балаларды да қырып жатқан нағыз  жауыздар. Олардың көзін құрту үшін біз аянып қалмаймыз.   

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ