Францияда
мерген екі адамды абайсызда атып тастады. Оқыс оқиға президент сөз сөйлеп
тұрған кезде болған. Франсуа Олланд темір жолдың жаңа бөлігінің ашылу
салтанатына қатысқан еді.
Рейтерстің хабарлауынша, жүздеген адам жиналған
шарада атыс орын алып, президенттің сөзін бөлуге тура келген. Алайда дүрбелең болған
жоқ. Кейін анықталғандай, шатырда тұрған снайпердің аяғы тайып кетіп, абайсызда
шүріппені басып қалады. Оның ебедейсіз әрекетінен даяшы мен темір жол
қызметкері жеңіл жарақат алды. Оқиға бойынша тергеу басталды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ