$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде сұйытылған газ қажетті көлемнен 25 процентке аз

Елімізде сұйытылған газ қажетті көлемнен 25 процентке аз

Қызылордада сұйытылған газ тапшы. Сол себепті көлік жүргізушілері бекеттерде сағаттап кезек күтуде. Кезегі келгенімен бұйырмай жатқандар қаншама. Себебі кейбір операторлар белгілі бір көлемде ғана сатып жатыр. Сергелдеңге түскен тұрғандар енді мәселе тез арада шешілсе дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Түнгі 12-1 болсын уақытылы алып жатырмыз. Бірақ біз үлкен жүк көлігі болғаннан кейін газге тәуелдіміз. Таксиің де, жүк тасуың да, тасымалдауың, барылғы газге байланысты болып қалды.
- Бар уақытымыз осыны күтумен кетеді. Күн көріп отырғанымыз такси болғаннан кейін. Газды уақытылы беріп тұрса талон қылмай, лимит қылмай. Жақсы болатын еді.

Сұйытылған газ тапшылығы Қызылордада ғана емес. Елімізде қажетті көлемнен 25 процентке аз. Мамандар оны сұйытылған газ тұтынатын көліктер көлемінің көбеюімен байланыстырып отыр. Ал аймаққа айына 9 мың тонна қажет болса, соның 7500 тоннасы ғана жеткізілуде. Алайда «түйткілдің түйіні тарқатылды» дейді жауаптылар.

Ардақ ЗЕБЕШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бірнеше министрлікпен тиісті жұмыс жүргізілген болатын. Қазіргі таңда бізге қосымша 570 тонна бөлінейін деп отыр. Осы газдың арқасында және бізде өзіміздің алынбаған қалдық газдың көлемі 1,5 мың тонна болып тұр. Оның барлығы кестеге сәйкес операторлар газ құю бекеттеріне жеткізетін болады.

Қазіргі таңда аймақта сұйытылған газ 70-75 теңге көлемінде саудалануда. Мамандар бағасы тұрақты сақталады деп отыр. Ал тапшылық мәселесі келесі айда түбегейлі шешіледі деп уәде етті.