Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Жас отбасыларға баспана мәселесінде жеңілдіктер керек

AstanaTV
02.03.2017ж. 20:00
2481
Жас отбасыларға баспана мәселесінде жеңілдіктер керек

Баспанадан үмітті жас отбасыларға жағдай жасау керек. Осылай деген сенатор Дархан Қалетаев мемлекеттік бағдарламаға қатысатын азаматтардың жас мөлшерін 29-дан 35-ке дейін көтеруді ұсынды. Үй алудың әлі де өзекті мәселе күйінде қалып отырғанын айтқан ол, жас отбасыларға қойылатын талап тым жоғары, деді. Мәселен, бірінші санаттағы ерлі-зайыптылар балалы болуы және некеде үш жылдан кем емес уақыт тұруы тиіс, сондай-ақ жасы 35-ке жетпеуі керек. Ал жас отбасы санатында ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспау керектігі көрсетілген.

Дархан Кәлетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды ойлаған жастар отбасы құруды кейінге қалдырып жатады. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер берілген уақытта жас отбасы иелерінің жас мөлшерін қайта қарап шығу қажет. Бақытжан Әбдірұлы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кейбір санаттағы жанұялар үшін жас мөлшерін 35-тен 39-ға, жас отбасылар үшін 29-дан 35-ке дейін көтеруді ұсынамын.