$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Атырауда тағы да бір үйдің екі баласы суға кетті

01.08.2024ж. 20:00
206
Атырауда тағы да бір үйдің екі баласы суға кетті

Атырау қаласында тағы екі бала суға кетті. Қайғылы оқиға бүгін күндізгі сағат 3-тер шамасында қала маңындағы Құрманғазы ауылы тұсында болған. Төтеншеліктердің айтуынша, екеуі бір үйдің баласы. Сүңгуірлер 7 жасар ұл баланың денесін тапты. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар 9жасар қыз баланы іздеп жатыр. Балалардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.