Алматыда 2 млн теңге көлеміндегі айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды. Құқық бұзушылық қаланың бейне жүйелері арқылы тіркелген. Айта кетейік, қазір Алматы полицейлері жол ережесін бұзып, айыппұлды уақытында төлемеген жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде. Олардың қатарында мемлекеттік нөмірді жалған пайдаланып, көлікті мас күйінде басқарғандар бар.
ҚАНАТ АЛДИЯРҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Іздестіру тобының қызметкерлері мен Сергек автоматтандырылған камералар жүйесі көмегімен қала көшелерінің бірінде 2 млн астам төленбеген айыппұлы бар Тойота Альфард автокөлігі анықталды. Оқиға орнына арнайы мамандандырылған батальон қызметкерлері жіберіліп, автокөлік айып тұрағына қойылды.