Ақмола облысында қорадағы малды жабайы иттер қырып кетті. Оқиға Шортанды ауылында таңғы 7-лер шамасында болған. Олар бір сәтте онға жуық малды қырып тастапты. Үй иесінің айтуынша, бұл бірінші жағдай емес.
Еркін АХМЕТ, ШОРТАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Әкімдіктерге бардық. Ешқандай жауап жоқ. Хабарласып та айттық. Өздерің келіп, көздерімен көрді. Бұл иттер көбейіп жатыр. Алдында біреу ғана болатын. Қазір үшеу болыпты. Жылда осы.
Маул РУСЛАН, ШОРТАНДЫ КЕНТІ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ:
КАЗТОР компаниясымен шарт жасалған. Осы компания Шортанды кентіне 3 рет келіп, 32 итті ұстады. Қазіргі таңда Ақмола облысының басқармасына конкурс жаяралау туралы хат жолданды.