Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Украинада шахтадағы жарылыстан адамдар қаза табуына байланысты қаралы күн жарияланды

AstanaTV
03.03.2017ж. 20:00
2580
Украинада шахтадағы жарылыстан адамдар қаза табуына байланысты қаралы күн жарияланды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Украина басшысы Петр Порошенкоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы «Степная» шахтасындағы жарылыстан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.  Марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына Қазақстан халқы мен жеке өз атынан көңіл айтты.

Ал Украинада қаралы күн жарияланды. Ел президенті Порошенко министрлер кабинетіне көмір шығаратын өндіріс орындарының қауіпсіздік талаптарына сай болуын тексеруді тапсырған.

2 наурыз күні Львов облысына қарасты Глухов ауылындағы шахтада жарылыс болып 34 жұмысшының сегізі қаза тапты. Тағы алты адам түрлі жарақат алған. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиға метан газының жарылысынан болуы мүмкін.