$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Шымкентте жанармай және төгілген дизель отыны өртенді

AstanaTV
10.08.2024ж. 23:19
276
Шымкентте жанармай және төгілген дизель отыны өртенді

Бүгін сағат 18:45-те Еңбекші ауданында жеке аумақта шатыр астында құрылыс материалдары, жанармай және төгілген дизель отыны өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Тілсіз жау 100 шаршы метрді қамтыды.

Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің арқасында өрт 19:04-те оқшауланып, 19:31-де толық сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД-ның 22 қызметкері мен 5 техникасы, сондай-ақ медицина апаттары орталығының 3 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді.