Қырғызстанда Ыстықкөл жағалауының кейбір аудандарында жауын-шашын салдарынан сел жүріп, 16 жер үйді су басып, көпір қирады.
Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 11 тамызда Чолпон-Ата қаласының Тоғыз-Бұлақ ауданында 4 тұрғын үйді, Бактуу-Долоноту ауылындағы 9 үйді су басып кеткен. Сондай-ақ Бұлан-Соготу ауылында 1 үй, Бостері ауылында 3 үйге зақым келген. Көпір қирап, Бостерідегі «Құрылыс кооперативі» саяжайына апаратын жолды су шайып кеткен.
Құтқарушылар отбасын Бақту-Долоноту ауылынан уақытша қауіпсіз жерге көшірді.
Оқиға орнында Ыстықкөл облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қолайсыз ауа райының салдарын жою үшін жедел штаб құрды. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау қызметтері жол, арық жүйелерін тазартып, апаттың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
12 тамыз күнгі таңғы сағат 4:20-дағы жағдай бойынша №31 және №35 облыстық бөлімшелерден 29 құтқарушы, екі мотопомпа, Төтенше жағдайлар министрлігінің Ыстықкөлдегі облыстық департаментінен төрт қызметкер, жеті құтқарушы тартылды. Балықшыдағы сел салдарын жоюға Ыстықкөлдегі №19 қалалық бөлімше жұмылдырылды.
Оқиға орнында барлығы 40 құтқарушы мен үш мотопомпа жұмыс істеп жатыр. Ыстықкөл облысының азаматтық қорғаныс қызметтерінен 60 адам жұмылдырылды.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.