$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Кешкі 8-ден кейін ешкімді кіргізбейтін": Бибігүл Төлегенова Қонаевпен достығын есіне алды

AstanaTV
13.08.2024ж. 16:44
307
"Кешкі 8-ден кейін ешкімді кіргізбейтін": Бибігүл Төлегенова Қонаевпен достығын есіне алды

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова марқұм Дінмұхаммед Қонаевпен не байланыстыратынын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Димекеңмен биліктен кеткен жылдардан кейін жақын араласа бастадым. Зухра Шәріпқызы дүниеден өткен кез еді. үәнде жалғыз қалды. Қатты күйзеліске түсіп, басынан ауыр күндерін өткізді. Үнемі үйінде күзет болатын. Олар кешкі сағат 8-ден кейін кіргізбейді. Жолығатын адам сол уақытқа дейін жолығып, кездесіп үлгеруі керек. Бір күні маған қоңырау шалып, шайға шақырды. Жалғыздықтан зеріккен болуы керек. "Бибігүл, қызым сен бойдақтардың шайын ішкің келмей ме?" деді. Дәл сол кезде концерттен енді келгенмін. "Уақытың болса, жарты сағатқа болса да кіріп шықшы" деп шақырды. Содан мен барып, тамаша әңгімелер айттық”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Көзінің тірісінде қоғам қайраткері ақыл айтып, өнердің қиын жол екенін ескерткен.

“Қызметте болғанда өте ұқыпты киінетін кісі еді. Бірақ ол үйінде қарапайым адам. Бірге отырып шай ішіп, көп әңгімелесетін едік. Шай ішіп отырған кезде маған "ешқашан ешкімді жамандама, ешкім туралы жаман сөз айтпа" деді. "Аға, ондай менің ойымда жоқ" дедім. "Сонда да есіңе салып жатқаным ғой. Айтсаң жақсы жағын айт, болмаса үндеме" дейтін. Не үшін ондай ақыл айтқанын сол күйі білмей кеттім", – деді Халық әртісі.