Түркіменстандағы жалғыз ұялы байланыс операторы жаңа SIM-карталардың сатылымын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Компания қызметкерлері төлқұжат алған 16 жастағы азаматтарға SIM-карта сатудан бас тартып отыр, олар бос телефон нөмірлері жоқ екенін алға тартты", - деді Ашхабад қаласының тұрғыны.
TMCell сауда белгісі бойынша жұмыс істейтін "Алтын Асыр" компаниясы жаңа SIM-карталар санын арттыруға техникалық мүмкіндіктері жоқ екенін мәлімдеді.
"Алтын Асыр" сайтында осы жайтқа қатысты түсініктеме берілмеген.
Ресурстың жазуынша, Түркіменстанның ұялы байланыс жүйесінде монополия қалыптасқан. Былтырғы көктемде елде SIM-карталарды сату бойынша шектеулер болды.