$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Жаңа оқу жылы жақындағанда оралдық мектеп жөндеуге жабылды

19.08.2024ж. 20:00
374
Жаңа оқу жылы жақындағанда оралдық мектеп жөндеуге жабылды

Оралдағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының ата-аналары ұл-қызын қайда орналастырарын білмей жүр. Өйткені білім ордасы жаңа оқу жылына 2 апта қалғанда күрделі жөндеуге жабылыпты. Бұл жағдай әсіресе ауылдықтарға ауыр тиді.

Ләззат ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

Уатсап желісі арқылы бізге хабарлама жіберді. Балаларыңызға жататын орын таба беріңіздер. Саншколдың интернаты дайын емес деді. Жатқызатын жерім жоқ. Ақжайық ауданынан келіп тұрмын. Жатқызатын жерім жоқ. Сонда менің қызым қайда оқиды? Мысалы, осы кезге дейін мен квартирді суточно снимать етіп отырмын.

Айнагүл ХАЛЫҚҚЫЗЫ, ТҰРҒЫН:

Сәуір айында бізге хабарлады, мектепті, интернатты ертерек босатуымыз керек. Май айынан бастап, ремонт жүреді деді. Жақында білеміз ол интернатта ремонттың әлі басталмағанын. Тағы хабарлама келеді уатсаптан тәрбиешілерден: интернат жоқ, асханасы жоқ, суы жоқ, душы жоқ, балаларыңызға жататын жерді өздеріңіз іздей беріңіздер. Үйден келе ме, туыстарыңызға жата ма, пәтер жалдайсыздар ма?

Ал білім саласына жауапты шенеуніктер балалар далада қалмайды, басқа мектепке орналастырамыз деп деп сендіреді. Тендердегі кілтипандарға байланысты жөндеу жаз ортасынан асқанда басталғанымен, мектепті қараша айында пайдалануға береміз дейді.

Зәуре ҒҰМАРОВА, БҚО БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Конкурстық процедуралар өтуіне байланысты жаз айында мердігер анықталып, келісімшартқа отыру шаралары өтіп, тек шілде айында жұмыстар басталды. Сондықтан оқу жылының басында мектеп дайын болмайды. Сондықтан оқу процесі тоқтатылмайды. Басқа жерде қолайлы жағдай жасалады, оқу процесі ұйымдастырылады. 200 баланы интернатқа қажеттілігі болған жағдайда міндетті түрлі интернатқа орналастырып оқытатын боламыз.

Дауға қалған мектеп Қарашығанақ кенішін игеруші инвестордың әлеуметтік жобалары аясында жөнделеді. Компания бұл іске 900 млн теңге бөліпті.