Алматыда Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен шахматтан Senat Open ашық кубогының жартылай финалы өтті. Турнирге барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Кубоктың іріктеу турнирлері әр жерде 21 сәуірден бері өтуде. Қалалық мәслихат төрағасы алғаш рет өткізіліп жатқан турнир алдағы жылдары да жалғасын табады дейді.
Мейіржан ОТЫНШИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл алғаш рет өтіп жатқаннан кейін біраз депутаттарымыз қатыса алмай қалды. Енді бұл қазір қатыспаған депутаттарымыз, басқа да қоғамдық кеңестің өкілдері қазір қызығушылық танытып, келесі жылға мысалы өздерінің ниеттерін білдіріп жатыр қатысуға.
Бұл жарыста «Шығыс» өңірінің 100-ден астам шахмат әуесқойы бақ сынады. Солардың бірі Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Ермек Әбілмәжінов. Ол шахматты сонау 4 - ші сыныптан бастап жаны сүйіп ойнайтынын айтып, бәсекелестік барған сайын қиындап жатқанын жеткізді.
Ермек ӘБІЛМӘЖІНОВ, ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Бәсекелестік өте үлкен тартымды өте. Үйткені жан жақтан әр өңірден көптеген енді ойыншылар келіп тұр, қатысушылар әр өңірдің жеңімпаздары. Осының алдында бізде Абай облысында іріктеу турнирі өтті. Содан іріктеліп, жеңімпаздар, енді барлық өңірден сондай жеңімпаздар келді деп ойлаймын. Бәсекелестік өте тартымды. қатты жарыс болады деп ойлаймын.
9-тур рапид қорытындысы бойынша Senat Оpen финалына қатысу үшін «Шығыс» өңірінің жиырма бес өкілі анықталды. Енді Тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда 200-ге жуық қатысушы сайысқа түседі. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адам қамтылады деген жоспар бар.