$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Қызылордадағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге бітпеген. Білім ошағының жиһаздары мен оқушылардың парта-орындықтары аулада тұр. Жұмыс енді ғана қарқын алыпты. Мердігер мекеме тиісті жұмыстың 90 процентін бітірдік дейді. Сондықтан алғашқы қоңырауға сақадай сай қыламыз деп уәде етті. «AMANAT» фракциясының мүшелері білім ордасын аралап, жағдайды бақылауда ұстайтындарын айтты. Сондай-ақ жұмысшы санын көбейтуді ескертті. 30 жылдан аса күрделі жөндеу көрмеген бұл мектеп партияның сайлауалды бағдарламасы аясында қайта жаңғыртылуда. Жоба құны -365 млн теңге.

Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT»ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мердігердің уәдесі, келісімшарт бойынша 25 тамызға бітіру болса, 30ы күні бітіріп беремін деген ойда. Бірақ мәселелердің бар екенін айттық. Адамдардың санын көбейту. Неге 100-140қа дейін көтермеске. Осындай талап қойдық. Мердігер мекеме жауапкершілікке тартылады үлгермеген жағдайда. Өйткені алдын ала конкурс өткізіліп, былтырғы жылдың ноябрь айында келісімшартқа отырған бұлар.