$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Балабақша кезегі неге жылжымайды?

20.08.2024ж. 20:00
351
Балабақша кезегі неге жылжымайды?

Мақсат Әмірбектің Астана қаласына келгеніне үш жыл болған. Жас отбасы баласын мемлекеттік балабақша кезегіне қойыпты. Бірақ, тізім мүлдем жылжымайды, әлі бірнеше жыл күтуім керек дейді.

Мақсат ӘМІРБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 Еріксіз амал жоқ жекеменшікке беремін бе, деген ойдамын. Тіпті сондай ойға емес шешімге де келетін сияқтымыз.

Мақсат Әмірбек секілді осы мәселемен сенделіп жүргендер көп. Тұрғындардың айтуынша, мемлекеттік балабақшадан орын алудың машақаты жетерлік. Сондықтан көбі бүлдіршінін жекеменшік бөбекжайға беруге мәжбүр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Мемлекеттік балабақшаға тұру өте қиын. Кезекте ұзақ күту керексің. Ал частный ол өте қымбат.
- Астанада балабақшаға кезекте тұру өте қиын. Жекеменшік балабақшалар өте қымбат. Бесплатный садиктерге беру өте қиын. Біріншіден очередь болады. Таба алмайсың.

Тұрғындар жылдап күтіп жүрген кезек бір-ақ күнде келуі мүмкін. Әлеуметтік желіде индиго сайты арқылы бақшаға орналастырушылардың жарнамасы жиі кездеседі. Соның бірнешеуіне біз де хабарласып көрдік.

Білім басқармасының ақпаратынша, Астанада 580 мектепке дейінгі тәрбие орны бар. Оның 100-і ғана мемлекеттік. 33 мың баланы қамтып отыр. Ал 6 жасқа дейінгі 57 283 бала қазір кезекте тұр.

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

100 МЕМЛЕКЕТТІК 32 933 бала

477 ЖЕКЕМЕНШІК 35 067 бала

3 ВЕДОМСТВОЛЫҚ 706 бала