Тұрғын үйдің негізі қаланғанына елу жылдан асқан. Содан бері жөндеу көрмепті. Қазір тұрғын үйдің шатыры кесіліп, инженерлік желілердің тозығы жетіп тұр.
Амангүл ОТАРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Шатырының бүткілі тесік. Бесінші этаждың квартираларынан үшінші этажға дейін су кетіп тұр. Қабырға бойымен су кетіп тұр. Қабырға ашық сол себепті и проводка кетіп жатыр. Осы отырғанда шыны керек біз қорқып отырмыз. Қай күні өртеніп кетеміз қай күні суға кетіп қаламыз деп.
Анжелика ДОСАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Үйдің жағдайы мүшкіл.Шатырдан су кетеді. Шатырдың плиталары үгітіліп жатыр. Бір күні басымызға түседі. Қыста өте салқын. Жер төлемізде құбырлар шіріп жатыр. Модернизацияға үйіміз өтіп тұр. Міне ақша бөлінеді деді. Әлі жоқ. Тек құр уәдеден басқа шаруа бітіп жатқан жоқ.
Бұл үйдің тұрғындары үш жыл бұрын құжат жинап модернизация жүргізу үшін өтініш берген. Былтыр өтінімдері мақұлданып, биыл жазда бұл мақсатқа 73 млн теңге қаражат бөлінуі тиіс болған.
Ақнұр ҚАЗБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ;
Қазіргі таңда біздер республикалық бюджеттен қаражатты күтудеміз. Қаражат бөлінген жағдайда осы үйдің жөңдеу жұмыстарын жасаймыз. Бұл үйде орнықты мәселе болып тұрған ол жертөледегі инженерлік желілердің нашар жағдайда екендігі егер қаражат бөлген жағдайда осы жұмыстар бірінші жасалатын болады.
Жауаптылар бұл үйге күрделі жөңдеу жұмыстары қыркүйек айында басталуы мүмкін екендігін айтты. Ал жалпы жаңғырту бағдарласымен қалада он көп қабатты тұрғын үйге 774 млн теңгеден астам қаражатқа жөңдеу жүргізу жоспарланып отыр.