$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстандық студент Голливудта өткен байқауда 7 жүлдеге ие болды

AstanaTV
25.08.2024ж. 20:43
183
Қазақстандық студент Голливудта өткен байқауда 7 жүлдеге ие болды

Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Голливудта өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысты.

Әлихан «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсетті.

«Әлихан Нұржауов үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса қазақстандық студентке кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталды.

Нәтижесінде әлемдік модельдердің үштігіне енген ол енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

Әлихан Алматы қаласында туған. Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығын меңгеруде.

Сондай-ақ, ол жақында актер ретінде дебют жасап, ресейлік сериалда басты рөлді сомдады», - делінген хабарламада.