$448.44 €514.81 ₽5.33
×

Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын сегізінші орынмен аяқтады

22.09.2026ж. 08:17
Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын сегізінші орынмен аяқтады
Фото:  Арлан Олжабай

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды  AstanaTV.

Волейболшыларымыз соңғы кездесуінде Вьетнамға қарсы ойнады.

Үш сеттің қорытындысы бойынша қарсылас команда 0:3 (21:25, 19:25, 15:25) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында сегізінші орын алып, жарыста өнер көрсетуін аяқтады.