$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Өскеменде қар тастайтын орын тапшы

AstanaTV
15.03.2017ж. 20:00
2668
Өскеменде қар тастайтын орын тапшы

Өскеменде қар тастайтын жер жоқ. Ақ ұлпаны төгуге арналған үш бірдей полигонда орын қалмады. Шаһар билігі экологтардың келісімімен тағы бір орынды белгілеп отыр. Мәселен, өткен жылы қала көшелерінен 60 мың текше метр қар шығарылса, биыл ол  рекордты көрсеткішке жетті. Қараша мен қаңтар аралығында 320 мың текше метр қар шахар шетіне тасылған. Қазір үш полигонда қар мен мұздақтар тау болып үйіліп жатыр. Енді төртіншісіне тасылуда. Шенділер бұл орын шаһардан алыс, әрі жер асты суына жете қоймайды деп сендіріп отыр. Көктемде еріген қар суы зауыттардан шыққан қалдық пен автокөліктермен ластанады. Сондықтан міндетті түрде рекультивация жүргізілетінін айтты.

Ержан Қоңырбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

Жолдың екі бетіндегі қарды шығару жалғасып жатыр. Үйлердің арасындағы қарды тазалаумен «Өскемен тәртіп» және өзге де коммуналдық қызметтер шұғылдануда. Ауа райы күрт жылынады деген болжам бар. Алдымен қары тез ериді-ау деген аумақтарды тазартамыз.

Наурыздың екінші жартысында Шығыс Қазақстан өңіріне тасқынның алғашқы легі келеді деген қауіп бар. Облыс әкімінің шешімімен апатты жағдайдың алдын алу мақсатында арнайы штаб құрылды. Құтқарушылар әсіресе оңтүстік аудандарға көп көңіл бөліп отыр. Күннің күрт жылынуынан  қар жылдам еріп, су қоймаларының деңгейі көтерілуі ықтимал. Әуеден бақылау да күшейтілетін болады.