$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жолдау халықтың игілігін көздейді",-тұрғын

05.09.2024ж. 20:00
398
"Жолдау халықтың игілігін көздейді",-тұрғын

Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған. Әрбір бастама, әрбір тапсырма көңілден шықты дейді көпшілік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

АЛМАТЫ

- Президент бірқатар үлкен мәселелерді айтты. Оның ішінде жол мәселесі. Жол мәселесі бүгінгі күнде өте өзекті. Шынын айтқанда, өзіміз көлік жүргіземіз, басқа қалаларға барамыз. Сондықтан осы жолдаудан кейін жолдың сапасы жөнделіп, халық ретінде тұрғындар ретінде ризашылығымызды білдіреміз деп ойлаймын.
- Денсаулық адамның ең алғашқы байлығы, денсаулық сақтау саласына көбірек назар аударған екен. Бізге бұл өте пайдалы деп ойлаймын. Себебі біз дәрігерге жазылғанда бірнеше ай бұрын жазылатынбыз. Егер осы қабылданатын болса, кезекте ұзақ уақыт тұрмаймыз әрі уақытымызды үнемдейміз деп ойлаймын.

ШЫМКЕНТ

- Жасанды интеллект біздің қоғамдағы өте бір маңызды мәселенің бірі болып отыр. Ал цифрландыру  өзекті мәселе болып отыр. Және кәсіптік білім беру саласындағы соның ішінде кәсіптік техникалық білім беру саласындағы мамандарға бөлінетін гранттардың санын арттыру арқылы, соның ішінде техникалық білім беру мамандарын арттыру арқылы сапалы білім даярау мәселесі өзекті деп айтуға болады.