Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мемлекеттік органдарға жемқорлықты жою бағытында 2 мыңдай ұсыным хат жіберілген

AstanaTV
31.03.2017ж. 20:00
2734
Мемлекеттік органдарға жемқорлықты жою бағытында 2 мыңдай ұсыным хат жіберілген

Мемлекеттік органдарға жемқорлықты жою бағытында 2 мыңдай ұсыным хат жіберілген. Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осылай деп мәлімдеді. Бұл індетпен күреске бағытталған 64 шараның 95 пайызы іске асқан. Өзгесін осы жылы аяқтау көзделіп отыр.

Өткен жылы 156 мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне талдау жасалған. 18 республикалық, 59 облыстық, 134 қала және аудан деңгейіндегі басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мемлекетке 13,6 млрд теңге көлемінде залал келтірілсе, оның 5,3 млрд теңгесі өтелген. Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың кезекті жоспарын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.