Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Храпуновтардың ісіне қатысты Қазақстанның шағымы Калифорния сотында қаралады

AstanaTV
31.03.2017ж. 20:00
1897
Храпуновтардың ісіне қатысты Қазақстанның шағымы Калифорния сотында қаралады

Храпуновтардың ісіне қатысты Қазақстанның шағымы Калифорния сотында қаралады. Әділет министрлігінің ресми өкілі Олжас Рамазановтың айтуынша, АҚШ-тың федералды апелляциялық соты атышулы істе Қазақстанды қолдаған.

Үш жыл бұрын аймақтық сот Виктор Храпунов пен оның жалған компаниясына қатысты шағымды қабылдамай тастаған еді. Ол кезде "АҚШ бұл мәселені шешуге тиімді жер емес" деген мәселені көлденең тартты. Артынша Алматы әкімдігі мен әділет министрлігі Калифорния штатының апелляциялық сотына наразылық білдірген соң, екінші сатыдағы сот келісім берген. Алайда ведомство алғашқы отырыстың нақты уақытын белгілемеген еді.

Айта кетейік, Виктор Храпунов жүздеген миллион доллар жымқырды деп айыпталған. Экс-әкімнің отбасы 67,5 миллион долларды Нью-Йорктегі қонақүйлер желісіне құйған. 6 миллион долларды темір өңдейтін компанияға инвестиция ретінде салып, тағы 4 миллион долларды америкалық банктерге салған.

Олжас Рамазанов, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

Қазақстан өз ұстанымының дұрыс екенін АҚШ соттарына дәлелдей алды. Бұл жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесі. Енді Алматы әкімдігінің Храпуновтарға қарсы шағымы Калифорния штатының сотында қаралады. Арыз шағымданушылардың құқығын қорғайтын алты талаптан тұрады. Оның ішінде - жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қатысты заңды бұзу, Алматы қаласы тұрғындарының мүддесіне қызмет ету міндеттерін сақтамау және өзгенің мүлкін заңсыз иелену  бар.