Оралдық еріктілер қаладағы көпқабатты үйлердің ауласын тазалауға кірісті. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында шаһардың шырайын кіргіземіз дейді жастар.
Бүгін тазалықшылар мінген автобус көпқабатты үйге бас тіреді. Бұл үйдің тұрғындарының дені - қариялар. Аға буынға көмек қолын созған жастар аулада өскен арамшөпті орып, тал-теректің түбін қопсытуға кірісті. Бұдан кейін жиналған қоқысты шығарып, орындықтарды жаңартып, сырлайды. Тазалықшылардың көмегіне мұқтаж қалалықтар қоқыстан құтылғысы келсе, әлеуметтік желі арқылы өтініш қалдырса жеткілікті, дейді ұйымдастырушылар.
АМАНАТ БЕКТҰРСЫНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Дәл қазіргі таңда біздің 300-ге жуық волонтеріміз бар. Жан-жаққа қай жақ бізге өтініш береді, сол жаққа қарай жіберіп отырамыз. Көбінесе барған жерімізде тұрғындар өздері бірге қатысып, ат салысып жұмыс істеп жатады. Барған жерімізде әжелеріміз өздерінің бауырсақтарымен, айранымен шығады, өздері бірге көмектеседі. Жақсы қабылдап жатыр халықтың бәрі.