Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда бір аптада браконьерлерден 45 тонна балық тәркіленді

AstanaTV
07.04.2017ж. 20:00
2394
Атырауда бір аптада браконьерлерден 45 тонна балық тәркіленді

Атырауда браконьерлерден заңсыз ауланған 45 тонна балық тәркіленді. Оның 200 келісі бағалы балық. Бұл «Бекіре - 2017» балық қорғау акциясының алғашқы аптасының қорытындысы.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, құзырлы органдар заң бұзғандардың үстінен 23 қылмыстық іс қозғап, 952 мың 980 теңге айыппұл салған. Браконьерлерден 7 автөлік пен жүзу, 251 аулау құралын тәркілеген. Балық өнімдерінің ел аумағынан тыс жерлерден шығармау үшін, республикалық маңызды автокөлік жолдарына 6 бекет қойылыпты. Дегенмен, балық қорғаушы органдардың жұмысына прокурорлардың әлі де көңілі толмай отыр. Судағы ғана емес, балық тиеген автокөліктерді ұстауда да жұмысты жандандыру керектігін ескертті.

Владимир Малахов, Атырау облыстық  мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

Тәркіленген 44 тонна балықтың 33 тоннасы ішкі істер органдарының жұмысына тиесілі. Оларда да мамандар аса көп емес, бірақ жұмысы нәтижелі. Ал қалған 10-11 тоннадай балықты қалған органдардың тәркілегені.  Сондықтан жұмысты жандандырыңыздар. Егер құрғақта болсаңыздар, балық тасымалдаған Газельдер мен ФУРАларды ұстаңыздар. Екінші мәселе, материалдың уақытында тіркелуінде. Мысалы, сіздер заң бұзушыны 5-і күні ұстасаңыздар, тек 4 күннен соң, 9-ында тіркегендеріңізді байқап отырмыз. Бұлай болмауы керек.