Жол апаты Орал қаласында 17 қыркүйек күні таңертең болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алаш пен Светлая көшелерінің қиылысында "Газель Next" және Nissan Teana маркалы № 1 маршруттық автобус соқтығысқан.
БҚО ПД мәліметтері бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан Nissan Teana жүргізушісі мен екі жолаушы, сондай-ақ автобустағы 8 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
"Батыс Дилижанс" ЖШС автобус паркінің басшысы Владимир Юркевич алдын ала ақпарат бойынша Nissan Teana жүргізушісі қарсы қозғалыс жолаққа шығып кеткенін айтқан.
Біз өзіміз әлі ештеңе білмейміз. Жедел жәрдем көп болды 10-нан астам. Микроавтобус жүргізушісі наркологияға куәландыруға жіберілді. Жолаушылар көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оң жағында адамды алу үшін көлікті кесуге тура келді. Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол өз жолағымен келе жатқан, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Қатты жылдамдықпен келе жатқан. "Газель" сыйымдылығы-18 адам. Біздің барлық жүргізушіміз рейс алдындағы тексеруден өтеді, - деді Владимир Юркевич.