$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылда кәсіпкер әділдік іздеп жүр

17.09.2024ж. 20:00
363
Жамбылда кәсіпкер әділдік іздеп жүр

Жамбылда бес жүз адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер құзырлылар қыр соңынан қалмай қойды деп шағымдануда. Кәсібіне кінә тағалмай, ісіне күйе жағалмай жүргеніне жылға жуықтапты. Енді толассыз тексеріс тоқтамай тыныштығымды бұзып, ұжымның да берекесін алып бітті дейді. Мәселенің мәнісін өңірдегі тілшіміз үңілді. 

Кәсіпкер Нұргүл Төлендиеваның Қордай ауданында 6 жеке балабақша мен 1 мектебі бар. Мемлекеттік бағдарламамен 600 млн теңге несие алып осыдан 8 жыл бұрын кәсібін бастаған. Енді бизнесімен біреулер көз тікті ма, 9 айдан асты пара берді деген желеумен үстімнен қылмыстық іс қозғап, тоқтаусыз тексеріс жүріп жатыр деп отыр.

НҰРГҮЛ ТӨЛЕНДИЕВА, КӘСІПКЕР:

Менің бір ақ қана сұрағым бар. Менің кінәм неде? Қандай жерде қылмыстық іс жасаппын? Қылмыс құрамы да жоқ, факт дәлел де жоқ. Осы он айдың ішінде басымнан өтпегеннің бәрі өтті. Қандай тексеруші келіп тексерем десе де мен бәріне дайынмын. Бірақ заңды болса екен деймін. 10 айдың ішінде ешқандай тексеріс СПСИ да жоқ, ешқандай прокуратура білмейді. Не негіз жоқ. Баса көктеп кіру, мені сегіз рет келіп тексерді.

Түсініксіз тексерістен шаршаған мектеп ұжымы жұмыс істеуге мұрша берер емес дейді. Ол аздай осы істі ашқан кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды дегенде жұмысымыз тоқтап қалама деп алыңдап отыр.

ӘЙКЕН ТІЛЕУБЕРДИЕВА, МҰҒАЛІМ:

Қаншама тексерістер келіп жатыр. Сол тексерістің бәрі бізге сабақ беруімізге кедергі жасайды ғой. Әр уақыт қашан тексеріс келеді деп күтіп отырамыз. Әділетсіз тексеруден әділетсіздіктен біз өзімізің істеп отырған жұмысымыздан айрылып қаламыз ба деп отырмыз.

МАДИНА НҰРМАНБЕТОВА, ТӘРБИЕШІ:

Көріп отырсыздар. Қаншама адамды жұмыспен қамтып отыр. балаларымызда осы жақта оқиды. Менің мысалы 6 балам да осы мектепте оқиды

Бітпейтін істің созбалаңға салынуын сұрап, әділдік іздеп ұстаздар қауымы аудан прокурорының алдына барды.

БІРЛІК ІЗБАСАРОВ, ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Прокурор болғаннан кейін сіз ойламаңыз біреуді іс сотқа түссе оны міндетті түрде соттаймыз деген жоқ. Жан-жағын көреміз. Әр сот отырысының алдында біз осыны талқылаймыз. Кім, қандай сұрақ қояды? Біз өзіміздің таққан айымыбыздан мүмкін шегінеміз. Бері қарай. Жеңілдету, қысқарту жағына қарай. Сізге сот қалай береді не береді ол соттың құзыретінде.

Жылға жуықтаған даудың нүктесін осы айда соңында сот қоймақ. Бірақ аудан прокуроры тексерістің заңсыз екендегін растады. Ол үшін аудандық білім бөлімінің басшысы қатаң сөгісте алған екен.

САНАТ ӘШІРБЕКОВ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

АКТ-сі 3 жұмыс күннің ішінде сайдқа шықпаған. Осы мәселе ғана. Әйтпесе қалған жұмыстардың бәрі дұрыс. Осыған байланысты прокуратура ұсыным берді. Қаралды. Ұсыным негізінде маған тәртіптік шара қолданылды. Қатаң сөгіс түріндегі.

Бұл істің созбалаңға салынуын аудандық сот алғашында қылмыстың құрам жоқ, материалдар шикі деп кері қайтарып жіберіпті. Тоғыз айдан соң бұл іс еш өзгеріссіз қайта ауданға келіпті. Енді кәсіпкердің бар үміті осы сотта әділ шешім шығады деген үмітті.