Астанада қалалық қоғамдық көлікте жасөспірімді ұрып-соққан үш күдікті анықталды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жасөспірімді қоғамдық көлікте ұрып-соғу фактісі бойынша полиция қызметкерлері 15 және 16 жастағы үш кінәлі адамды анықтап, полицияға жеткізді. Осы факті бойынша «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп түсіндірді елордалық ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.
«Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жас жігітті аяусыз ұрып-соғу видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді.