$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Астанада түнгі тыныштықты бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

Астанада түнгі тыныштықты бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды
Polisia.kz

Астанада полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды AstanaTV.

Әсіресе түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылады. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары мен белгіленген нормаларды сақтамағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, тұрғындар айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастыруда. Жыл басынан бері Астанада тыныштықты бұзудың 46 мыңнан астам фактісі тіркелді. Оның 168-і мотоцикл жүргізушілері тудырған жоғары деңгейдегі шуға байланысты. Сонымен қатар, өткен тәулік ішінде полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 524 фактісін және тыныштықты бұзудың 46 дерегін анықтады. Мәселен, “102” арнасына елорда тұрғынынан оның үйінің маңында тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Өтініш берушінің айтуынша, мотоцикл жүргізушісі қозғалтқыш айналымын күрт арттырып, қатты шу шығарған. Полиция қызметкерлері 21 жастағы азаматты анықтады. Тыныштықты бұзу фактісі бойынша заң аясында шара қолданылды.