Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Самұрық-Қазына» қызметтерді сатып алу тәртібін күшейтіп жатыр

AstanaTV
13.04.2017ж. 20:00
2537
«Самұрық-Қазына» қызметтерді сатып алу тәртібін күшейтіп жатыр

«Самұрық-Қазына» қызметтерді сатып алу тәртібін күшейтіп жатыр. Енді сатып алуларға, яғни тендерге тек квалификациялық іріктеуден өткендер ғана қатысады. Іріктеуден өту үшін, қордың сатып алу жүйесіне тіркелу керек. Тәуелсіз аудиторлар ықтимал компаниялардың қаржылық жағдайы, өндірістік әлеуеті мен тиісті мамандардың бар-жоғын тексереді. Бұл қызмет сапасын арттыруға сеп болмақ. Қатысушылар санын шектеу де қарастырылған сыңайлы. Қазір 600 компания іріктеуден өтіп үлгерген.

Айта кетейік, жыл сайын "Самұрық-Қазына" кеңсе заттарынан бастап, ірі жобаларға дейін, жеке кәсіпкерлердің қызметі арқылы сатып алады. Былтыр 4 трлн, 122 млрд теңге тендерге шығарылған.

Жұмағали Мыңжасаров, "Самұрық-Қазына ҰӘАҚ" АҚ бақылау қызметінің жетекшісі:

3 сәуірден бастап 63 пилоттық позиция бойынша тек алдын ала квалификациялық іріктеуден өткендер ғана сатып алуға қатыса алады. Басқаша қатысу мүмкін емес. Бәрі қызмет жеткізушілердің базасын қалыптастырып алғанға байланысты. Барлық қызмет жеткізушілерді іріктеуден өтуге шақырамыз. Жыл соңына дейін, сатып алуға тек іріктеуден өткендер қатысады.