Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Батыс Қазақстанда қорадағы мал індетке шалдыққан

AstanaTV
13.04.2017ж. 20:00
5309
Батыс Қазақстанда қорадағы мал індетке шалдыққан

Батыс Қазақстандағы Қоскөл ауылында төрт түлік мал қырылып жатыр. Тұрғындардың сөзінше, өлген малдың саны 200-ден асқан. Ауылда көлік қозғалысы шектеліп, тексеру бекеті орнатылды. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы өкілдері айтты. Ауырған малдың аузынан сілекейі ағып, жем жемейді. Бұл аусылдың белгісі, - дейді тұрғындар. Олар індет адамға да жұға ма деп қауіптенеді.

180 түтіні бар Қоскөл ауылында бір мыңдай ірі қара мен 4 мың 600-дей ұсақ мал бар. Облыстағы ветеринарлық зертханаға 26 патологиялық материал жолданған. Олардың алғашқысынан пастереллез дертінің белгілері анықталып, қалғандары зерттеліп жатыр. Басқарманың дерегіне сай, бұған дейін бруцеллез, қарасан, сібір жарасы ауруларына қарсы егу жүргізілген. Енді пастереллезге қарсы егу басталды. Бұл жұмыстарға 744 млн тг бөлініп отыр.

Қазбек Тәшімов, БҚО ветеринария басқармасының басшысы:

Қаратөбе ауданындағы Қоскөл ауылдық округінде пастереллез ауруы байқалып отыр. Облыстық ветеринарлық зертханаға түскен патологиялық материалдардың сынамаларын зерттеу нәтижесінде анықталды.