Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Соңғы 2 жылда құрылыс және ТҮКШ саласында 667 заң бұзушылық тіркелген

AstanaTV
13.04.2017ж. 20:00
2148
Соңғы 2 жылда құрылыс және ТҮКШ саласында 667 заң бұзушылық тіркелген

Соңғы 2 жылда құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласында 667 заң бұзушылық тіркелген. Оның 170-і сотқа жетіп, тиісті шешім шығарылды.

«Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында депутат Сапар Ахметов осылай деді. Оның пікірінше, заң бұзушылықтың тіркелуіне көбіне елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың әсері мол көрінеді. Маңызды жобалардан қаражат жымқырып қалғысы келетіндер қатары азаймай отыр. Қоғамдық кеңес өкілдері Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарын аралап, тиісті сараптама жасаған. Кеңесте келісілген шешім үкіметке ұсынылмақ.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

3 бірдей мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп тұр. Олар «Нұрлы жол» бағдарламасы, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы және соңғы биыл қосылып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасы. Сондықтан бөлініп жатқан қаражаттар көп. Оның үстіне жергілікті бюджеттен бөлініп жатқан қаражаттар көп. Солардың бәрін игеру кезінде әртүрлі өңірлерде, әртүрлі жерлерде, және мынау біздің квазимемлекеттік кәсіпорындарда тіркеліп жатыр.