$484.11 €528.79 ₽5.03
×

"Халықтық штабтың өңірлерге сапарының басты мақсаты – тұрғындармен ашық әңгімелесу", - С. Сахиев

19.09.2024ж. 20:00
289
"Халықтық штабтың өңірлерге сапарының басты мақсаты – тұрғындармен ашық әңгімелесу", - С. Сахиев

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб еліміздің мұнайлы астанасы – Атырауға барды. Мұнда ғылыми қауымдастықпен, мұнай-газ және химия өнеркәсібінің өкілдерімен кездесу өтті. Штаб мүшелері ғылымды дамыту және ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі Мемлекет басшысының назарында екенін атап өтті. Қазір ғылыми қоғамдастықтың алдында өнеркәсіптік өндіріске инновациялық технологиялар мен әзірлемелерді енгізуге қатысты үлкен міндет тұр. Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Халықтық штабтың өңірлерге сапарының басты мақсаты – тұрғындармен ашық әрі шынайы әңгімелесу, - дейді. 

САЯБЕК САХИЕВ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы Атырау өңіріне келген себебіміз осы энергетика саласындағы жаңалықтармен барлық халықпен таныстыру, ол кісілердің де ой-пікірлерін тыңдап, ой бөлісу. Енді өздері 6 қазанда азаматтық түрде шешіма қабылдай жатады. Біздің мақсатымыз – осы азаматтардың көңілі-күйін білу, солармен етене қарым-қатынас жасап, өзіміздің жетістіктермен бөлісу.