$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Шымкентте қаңғыбас иттер қабірді қазып тастады

Шымкентте қаңғыбас иттер қабірді қазып тастады

Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қазып тастап жатыр. Бозарық шағын ауданында топ-топ боп жүрген төрт аяқтылар уақ малды да талайтын көрінеді. Ауыл азаматтары иесіз иттердің көбейіп қана қоймай, тым еркінсіп кеткеніне қатты алаңдаулы. 

Бозарық шағын ауданындағы қорым шырақшысы соңғы уақытта күндіз түні қолынан күрегін тастамайтын болған. 14 жылдан бері осында қызмет ететін ол биыл қаңғыбас иттердің көп екенін айтады. Әсіресе бұралқы иттер жаңа қабірлерді қазып, топырағын шашып кетіп жатқанына алаңдайды.

МІРСАБЫР МІРАЛІҰЛЫ, ШЫРАҚШЫ:

Жерлегеннен кейін екі-үш күннен кейін мәйіттің иісі шығады. Сол мәйіттің иісіне келеді да сол иттер. Келіп, топырағын ана жақа, мына жақа шашып кетеді да. Енді ақырына дейін қазып ала алмайды,..

Тұрғындардың тынышы қашқан. Бала түгілі ересектердің өзі жалғыз жарым жүруге жүрексінеді.

БЕГАЛЫ ӘБДУӘЛІҰЛЫ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әсіресе қиындығы барлығы балаларды қауып ала ма, талап тастайды ма деп қолдарына таяқ алып, азанғы автобусқа шығарып салады. Кешке де қараңғы болып қалады да кешке де алдынан шығып күтіп отырады. Бұл енді өте қиын жағдай. Менің байқағаным осы бір екі жылдың көлемінде тіптен көбейді.

АЛМАСХАН ЕСПАЕВ,  АУЫЛ БИІ:

Бір қойды қасқыр сияқты талап, тірідей құлағын, құйрығын, жамбасын кәдімгі қасқыр сияқты жеген. Ал енді ол ертең мына мазаратқа түсіп жатқан иттер ертең мына ұйығып жатыр, қазір ұйығатын кезең, ол өте ит деген қызғанады. Сондықтан біз балалардың қауіпсіздігіне алаңдаймыз.

Мәселеден жергілікті атқамінерлер хабардар. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Тұрғындардың шағымы негізінде соңғы үш күнде Бозарықтың өзінде 26 ит-мысық ауланған.

ЕРЛАН ӘДЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Аулау барысында кейбір кедергілер туындап жатады. Ол көп тұрығндар елдімекен жер үй болғандықтан ол жерде иттердің көбісінің иесі бар болып шықты. Иесі бұл жерде иттеріне жауапкершілікпен қарамайды. Өзінің территориясына, үйшігіне ұстамайды. Сол себепті сыртқа жіберіп жібереді да ол уже жануар болғандықтан үйір –үйір тобымен жиналып алып, көше кезіп жүреді.

7 адамға итін бос жібергені үшін полиция айыппұл салған. Мұндай жағдай өзге шағын аудандарда да аз емес.