$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды

01.10.2024ж. 20:00
174
Балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды

Балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. Ол кейінгі кезде балалардың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі көбейгеніне алаңдаушылық білдірді. Прокурорлар әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауға алған. Қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс күшейтілген. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешені әзірленбек.