$480.11 €532.25 ₽5.14
×

Екібастұзда екі студентті белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан

01.10.2024ж. 20:00
137
Екібастұзда екі студентті белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан

Екібастұзда екі студентті белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан олардың бірі жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Екіншісі де түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Студенттерді ұрып соққан күдіктілер ұсталды. Полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушілердің жағдайы ауыр. 

ЕЛТАЙ БАТХОЛДИН, БАЛАЛАР ТРАВМАТОЛОГЫ:
Бүгінгі жағдайы ауыр. Ашық бас ми жарақаты. Бас сүйектерінің сынуы. Кеудесінің қысылуы, бетінің көптеген жаралары. Қазіргі күнгі жағдайы ауыр.