$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Жалпыұлттық референдумға 177 бақылаушы ресми тіркелді

Жалпыұлттық референдумға 177 бақылаушы ресми тіркелді

Елімізде өтетін жалпыұлттық референдумға 177 бақылаушы ресми тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Олар 30 елден, 4 халықаралық ұйымнан келеді. Сондай-ақ, 37 мемлекеттен 200-ге жуық шетелдік БАҚ өкілдері қатысады. Бұл саяси науқанның ашықтығы мен әділ өтуіне ықпал етеді дейді жауаптылар. Сонымен қатар, 60-тан астам елде 76 референдум учаскесі қызмет етеді.Яғни, шетелде жүрген отандастарымыз өз таңдауын жасай алады. 

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Референдумды өткізуге 14 елдің орталық сайлау комиссиясының мүшесі қатысады. Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге бейінділігіміздің, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыруымыздың дәлелі.