$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қарттар үйіндегі қилы тағдырлар

01.10.2024ж. 20:00
235
Қарттар үйіндегі қилы тағдырлар

Бүгін – халықаралық қарттар күні. Қарт десе, әркімнің өз шаңырағына береке кіргізіп, құт дарытып отырған ақ сақалды атасы мен ақ жаулықты әжесі елестері қақ. Тілеуімізді тілеп, балаларына ақылын, немерелеріне ертегісін айтып, ортамызда аман-есен отыра берсе екен дейміз. Өкінішке қарай, тағдырдың жазуымен қарттар үйін қара шаңырыққа айналдырғандар бар. Айдана Қайрат қарияларды мерекемен құттықтап, батасын алды. 

Аида Сыбанбаева – ақын. Жүзден астам өлеңі бар. Бірақ шығармалары кітап болып басылмаған. Екі жылдан бері қарттар үйінде тұрып жатыр. Тұрмысқа шықпаған.

АЙДА СЫБАНБАЕВА:

Орталықтағы жандардың тағдыры әртүрлі. Алты жыл бұрын Марат Иманғалиевтың әйелі қайтыс болған. Ұрпағын жалғастыратын ұлы да өмірден ерте кетіпті. Қыздарының қолына баруға ұялып, осында тұрып жатыр. Қарттар үйіндегі қызметкерлерді өзінің ұл-қызындай көреді.

МАРАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мероприятиялар болады ғой. Волонтерлер келеді сол кезде почтоянно мені шығарады 5-6 өлең айтамын. Әшеән жүргенде де ыңылдап жүремін.

АЛИЯ ҚАСЫМОВА, «МИРАС» ЖЕКЕМЕНШІК ҚАРТТАР ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

5 мезгіл тамақ береміз. Күтушілеріміз бар қарттарды қарайды, тырнақтарын алады, шомылдарады. Дәрігерлеріміз бар ем тағайындайды. Уақытында дәрілерін ішеді. Капельницаларын алады. Массаж жасайды. Сондай біздің орталығымызда арнайы осылай орналасқан.

Бүгін орталықта ерекше мейрам. Осында тұратын қариялар концерт залына жиналды. Тіпті бірге би биледік, көңіл көтердік.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Дәл қазір біз осындай кішігірім қағаздар,а қалаған суретімізді салып отырмыз. Аға көбелек салайық...

 АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Әр сөзінен көңілге бақ ұялар. Сіздерді қадірлейміз, құрметтейміз. Аяулы ардагерлер, қариялар.