$484.11 €528.79 ₽5.03
×

235 мың қарияға біржолғы материалдық көмек көрсетілді

01.10.2024ж. 20:00
262
235 мың қарияға біржолғы материалдық көмек көрсетілді

Бүгін – қарттар күні. Мерекеге орай 235 мың адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Оған бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінген. Төлем Астана мен Ақмола облысы бойынша ең төмен зейнетақы алатындарға берілді. Қарағандыда 75 жастан асқандар алса, Павлодарда 80-ге жеткендер иеленген. Шығыс Қазақстанда 90, Маңғыстау мен Ұлытауда 70-ке келгендерге түсті. Ал Түркістандықтар қаржыны алу үшін 100-ден асқан немесе жалғысбасты болуы тиіс.

Жалпы, биыл қарттарды қолдау үшін 12,4 млрд теңге бөлінген. Оның 11,8 миллиарды жергілікті бюджеттен берілсе, қалғаны тартылған қаражат есебінен. 26 мың адам азық-түлік үшін қаржы алса, 62 мың тұрғын дәрі-дәрмекке қол жеткізген. 3 мың қарт тіс протезін жасады. Ал, санаторийлік-курорттық емге барғандардың саны - 23 мың. Бұдан бөлек, қазыналы жандарға тұрғын үй жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге қосымша көмек көрсетілді.