Мемлекет басшысы Сыртқы Істер Министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады. Ведомство басшысы Президентке Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады. Одан бөлек, шетелдік әріптестермен жүргізілген келіссөздер жайлы да хабардар етті. Кездесу соңында Президент Мұрат Нұртілеуге бірқатар міндет жүктеді.