$484.37 €531.06 ₽5.05
×

Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары екі жылдан бері ауласын абаттандыруды сұрап жүр

07.10.2024ж. 20:00
85
Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары екі жылдан бері ауласын абаттандыруды сұрап жүр

Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары екі жылдан мердігермен арпалысып келеді. Айтуларынша, екі жыл бұрын үй берілген, бірақ ауласы әлі күнге дейін астан-кестең болып жатыр. Ал мердігер оны реттеуге асықпайтын көрінеді. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп қайтты. Бұл тұрғын үй екі жыл бұрын қолданысқа берілген. Содан бері аула осындай күйде жатыр. Не жол, не бала ойнайтын алаң, не спорт алаңы жоқ.

БОЛАТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ауланы тазартып, асфальттап, балдар ойнайтын орындар салу керек. Современный заманға сай, спорт площадка керек. Машина қоятын орын жоқ. Жердің бәрі сазбалшық. Ертең жаңбыр жауса балшық үйге кіреді. Қалаға кіреді осы.

Тұрғындардың айтуынша, жертөлеге жер асты суы көтеріледі. Соның кесірінен кейбір пәтерлердің қабырғасы ылғал тартып тұр.

КҮЛӘШ РАҚЫМЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Подвал деген суға кетіп жатыр. Біздер бірінші этажда тұрамыз. Сырость. Сыросттың иісі шығып тұрады. Элекстросетке документ тапсырмаған дейді. Қайта қайта свет сөніп қалады. Ертең қыста светті сөндірсе, батарейлардың барлығы қатып қалады.

Тұрғындар осы мәселені көтеріп мердігер мекеменің табалдырығын тоздырған. Нәтиже болмаған соң әкімдікке, басқа да құзіретті орындарға шағымданыпты. Мердігер мекеменің басшысы осы күнге дейін компанияда қаржылық қиындықтар болған жеткізді.

СЕРІК КАПЕТОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

До конца октября мы закончим асфальт... Қазан айының соңына дейін біз аулаға асфальт төсейтін боламыз. Халыққа бұл туралы жеткіздік. Қазір нарықта жағдай қиын. Үлкен дағдарыс болып жатыр. Бұл ауланы толық аяқтау үшін 100 миллион теңгедей қаражат керек. Біздер қаражат тауып, барлығын істейтін боламыз.

Мердігер мекеме әуелі жолды ретке келтірмек, тек содан кейін басқа мәселелерін шешпек.